Еліміздің еңселі ертеңі жан-жақты дамыған, білімді, бәсекеге қабілетті әрі дені сау ұрпақтың қолында екендігі айқын. Сондықтан балалардың болашағын бүгіннен бастап дұрыс қалыптастыру біздің қолымызда. Шалғай ауылда жүрген жасөспірімдердің күнделікті бос уақыты тиімді өтуі үшін, ауылда мәдениет пен спорт дамуы керек. Осы ұстанымды ту етіп, ауылдағы спортты дамытуға тер төгіп жүрген жандар жоқ емес. Тәуелсіз еліміздің келешегі үшін алаңдап, бүгінгі жас …
Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге түрлерін жатқызуға болады. Қай заманда болсын дайындығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар шайқаста жеңіске жетеді. Сол себепті, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзінде сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырған. Яғни, шайқас кезінде жауынгер қолданатын әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан. Әрі қомақты бәйге тігіп, жауынгерлерді …
Ой мен ақылдың ойыны саналатын тоғызқұмалақ – бабалардан мұра болған ұлттық ойындардың бірі. Адамның ой-өрісінің дамуына, танымының артуына тікелей ықпал ететін тоғызқұмақты дала даналары аманат етіп, бүгінгі күнге жеткен. Қазіргі кезде елімізде аталмыш ойын қарыштап дамыған. Әсіресе еліміз егемендігін алғаннан соң ұлттық құндылықтарымызды төрге оздырып, талайдың таңдайын қақтырған тұста тоғызқұмалақ та көптің қалауына айналды. Жуырда Қарадаланың төсінде ұлттық ойынның көрігі …
Доп додасында 10 команда бақ сынады, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі. Қарасай ауданында Алматы облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында футзалдан «AMANAT CUP» чемпионаты өтті. Халық қалаулыларының басын қосқан турнир «AMANAT» партиясының қолдауымен алғашқы рет ұйымдастырылды. «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері, партия филиалдарының өкілдерінен құралған 10 команда бас жүлде үшін бәсекеге түсті. Тартысты ойынның куәсі болдық.Әрбір ойында бәсекелестік …
Ағымдағы жылы Ават ауылының тау бөктерінде қыс мезгілінің қызықтары тағы да айрықша аталып өтілді. Алайда биыл өткен жылғыдан ерекше өтті. Биылғы қысқы спорт ойындарынан сайыс тек мемлекеттік қызметшілер мен өзге де сала мамандары арасында өткізілді. Аваттың арқалы жоталары мен аршалы сайлары қыстың сұлулығын жібермей саф қалпында сақтап тұр екен. Таза ауа, көз тартар табиғаттың тамаша келбеті, өр жақтағы сәукеле шыңдар …
Денсаулықтың ең бірінші баға жетпес байлық екендігін дана халқық тауып айтқан. Денсаулығымыздың ең жақын серігі салауатты өмір мен спорт екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Сондықтан бас ауырып, балтыр сыздамай тұрғанда, қарттық қасымызға келіп қоймай спортты жанымызға серік етуіміз керек. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та өзінің Президент ретіндегі алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне баса назар аударған болатын. Осы бағытта спортқа …
Соңғы жылдары аудан аумағында ұлттық спорт түрлері оның ішінде ат спорты айтарлықтай қарқынмен дамып келе жатыр. Бүгінгі күні әр ауылдық округ арасында салым көкпардан, жаппай көкпардан эстафета ойындары өткізіліп, білекті жігіттердің шеберліктері шыңдала түсуде. Аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату сынды ұлттық ойындардың да көші ілгері қарай басып келе жатыр. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Дегенмен ат спортынан жастардың арасынан іріктеліп, ауданның …
Ұлттың амандығы, саулығы оның ұрпағының мығым, шымырлығынан бастау алатыны ақиқат. Дене бітімі келіскен, шапшаңдығына көз ілеспейтн шымыр балаларды көргенде өз басым қатты қуанамын. Ауданда спорт жақсы дамыған дей аламыз. Өйткені ұлттық ойын түрлері болсын, командалық немесе жеке дара күрес саласы болсын шыққан биіктеріміз мақтанатындай. Өзімнің отбасы мүшелерім түгелдей дерлік спортшылар. Немерелерім де осы салада көп-көрім жетістікке жетіп жүр. Қаладағы балама …
Кіші Диқан ауылында 50 орындық жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. «Алматы облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен 828 195,8 мың теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізген «СП «NEFT» ЖШС-ы жуырда сәні мен салтанаты жарасқан заманауи спорт кешенін халық игілігіне ұсынды. 2022 жылы құрылысы басталған кешеннің жалпы ауданы – 1 509,8 шаршы метр. Шалғайда жатқан ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына, саламатты өмір салтын қалыптастыруына …