Заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтық жауапкершілікті сезіну – өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды бағыттардың бірі. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, полиция қызметінің маңызын түсіндіру мақсатында Ұйғыр ауданының полиция бөлімінде «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар полиция бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті міндеттері мен қызметтік жұмыстарының ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Олар полиция …