Ұлттық құндылықтарды сақтау, білім мен ғылымды дамыту және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру – ел болашағын айқындайтын маңызды бағыттар. Осы тұрғыдан алғанда, 2026 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы 3-баптың мәні ерекше. Аталған бапта мемлекеттің қызметінің негізгі қағидаттары айқындалып, білімге, прогреске, ұлттық бірлікке және экологиялық мәдениетке басымдық берілген. Жаңа Конституцияның 3-бабы Қазақстанның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, қоғамның рухани деңгейімен, азаматтардың жауапкершілігімен және білімге деген ұмтылысымен де өлшенетінін аңғартады. Құжатта ұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі сындарлы патриотизм идеясын ілгерілету, қоғамдық диалогты дамыту негізгі қағидаттар қатарында көрсетілген. Бұл қағидаттардың әрқайсысы күнделікті өмірмен тығыз байланысты. Өйткені елдің тұрақты дамуы – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Азаматтардың заңды құрметтеуі, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамауы, өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы қоғамдық келісімді нығайтуға негіз болады. Білім мен ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі. Конституцияның 3-бабында адам капиталын дамыту, білім, ғылым және инновация мемлекеттің стратегиялық қызмет бағыттары ретінде танылған. Бұл – білімді ұрпақ тәрбиелеудің, сапалы білім алуға ұмтылудың және жаңа идеяларды қолдаудың маңызын айқындайтын конституциялық бағдар. Бүгінгі қоғамда білімді, ізденімпаз, жаңашыл ойлайтын азаматтардың рөлі артып келеді. Ғылым мен технологияның дамуы жаңа мүмкіндіктерге жол ашса, сапалы білім сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға негіз болады. Сондықтан жас ұрпақтың білімге қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық пен ғылыми ізденісті қолдау – болашаққа салынған инвестиция. Сонымен қатар аталған бапта ұлттық мәдениетті қолдау, тарихи-мәдени мұраны сақтау және экологиялық мәдениетті жоғары деңгейде қалыптастыру қағидаттарының көрініс табуы маңызды. Ұлттық болмысты сақтау мен заманауи дамуды ұштастыру – қоғамның рухани тұтастығын нығайтатын өзекті міндеттердің бірі. Бұл бағыттар жергілікті деңгейдегі қоғамдық жұмыстармен де сабақтасады. Мәдени мұраны дәріптеу, жастардың білімге құштарлығын арттыру, қоршаған ортаны қорғау және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бастамалар конституциялық қағидаттардың қоғамдық өмірдегі маңызын көрсетеді. Әр азаматтың өз ортасына жауапкершілікпен қарауы, ортақ іске үлес қосуы және қоғамдық құндылықтарды құрметтеуі ел дамуына оң ықпал етеді. Жаңа Конституцияның мәнін түсіну – оның баптарын оқумен ғана шектелмейді. Ең маңыздысы – онда айқындалған қағидаттардың мазмұнын ұғынып, олардың қоғам өміріндегі орнын бағалау. Білімге ұмтылу, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, табиғатты аялау және қоғамдық келісімді сақтау – тұрақты дамуға бастайтын өзара сабақтас бағыттар. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 3-бабы елдің стратегиялық даму бағдарын айқындап, білімді, жауапты әрі белсенді қоғам қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Бұл қағидаттарды күнделікті өмірде ұстану – мемлекеттің болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың ортақ міндеті.
Білімді ұрпақ, берік бірлік және ортақ жауапкершілік – өркендеген Қазақстанның негізі.
Ұйғыр аудандық «Ардагерлер» ұйымының төрағасы Нұрпейісов Ербол

