Шарын ауылдық округінде «Конституциялық құндылықтар – азаматтық жауапкершілік пен ортақ міндет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген азаматтардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, қоғам алдындағы жауапкершілік, заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту және әрбір азаматтың ел дамуына қосатын үлесінің маңыздылығы туралы айтылды. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ауыл тұрғындары, жастар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. …