
Үлкен Ақсу ауылдық округінде «Конституциялық құндылықтар – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында Конституцияда айқындалған әділдік, теңдік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту мәселелеріне назар аударылды.
Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, ауыл тұрғындары, жастар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кездесу аясында Конституциялық құндылықтардың қоғамдық өмірдегі орны, заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері талқыланып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
