Басты бет Ақпарат ағыны Тамыз кеңесінде білім саласының жаңа міндеттері талқыланды

Тамыз кеңесінде білім саласының жаңа міндеттері талқыланды

0
310

Алматы облысында білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Өңірде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биылдың өзінде 1 млрд 021 млн теңге бөлінді. Бұған қоса, мектеп кітапханаларын заманауи форматқа көшіруге 193,1 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев дәстүрлі тамыз кеңесінде баяндады.

Сондай-ақ, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Кеген ауданындағы Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясында және Еңбекшіқазақ ауданындағы Жүнісбай Қаипов атындағы орта мектепте «Ауылдық жерлерде тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде мектептердің инфрақұрылымы жаңартылып, ұстаздардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге арналған бағдарламалар іске қосылды. Бұл ауылдық мектептердің мүмкіндігін арттырып, қала мен ауыл арасындағы білім сапасын теңестіруге мүмкіндік бермек.

«Білім беру инфрақұрылымын жаңғырту – балаларымыздың жарқын болашағына жасалған инвестиция. Президенттің тапсырмасына сәйкес біз оқушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, ұстаздардың кәсіби дамуына да жол ашып отырмыз. Осы игілікті іске үлес қосқан Күләш Ноғатайқызына және «Қазақстан халқына» қорына алғысымды білдіремін», – деді облыс әкімі.
https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1056283?lang=kk

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық к…