Басты бет Ақпарат ағыны Адам құқығы – мемлекет құндылығының өзегі

Адам құқығы – мемлекет құндылығының өзегі

0
28

Қазақстан Республикасының 2026 жылы қабылданған жаңа Конституциясы елдің құқықтық дамуының маңызды кезеңін айқындайды. Ата Заңның негізгі мәні – адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты құндылығы ретінде тану. Бұл ұстаным жаңа Конституцияның 1-бабында нақты көрініс тапқан. Аталған бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл қағидат елдегі мемлекеттік саясаттың мазмұнын ғана емес, қоғамның даму бағытын да айқындайды. Адам құқықтарын қорғау – әділетті қоғам қалыптастырудың басты шарттарының бірі. Әр азаматтың заңды мүддесі ескеріліп, оның ар-намысы мен қадір-қасиеті құрметтелген жағдайда қоғамда сенім мен тұрақтылық нығая түседі. Сондықтан Конституцияда бекітілген бұл қағидаттың маңызын түсіну әрбір азамат үшін маңызды. Жаңа Конституцияның мәні құқықтар мен бостандықтарды жариялаумен ғана шектелмейді. Оның басты міндеттерінің бірі – осы құқықтардың жүзеге асуына негіз болатын құқықтық ортаны қалыптастыру. Бұл ретте мемлекеттік органдардың жауапкершілігімен қатар, азаматтардың да заң талаптарын сақтауы, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеуі және қоғамдық өмірге саналы түрде қатысуы ерекше рөл атқарады. Адамға құрмет көрсету күнделікті өмірден басталады. Отбасындағы сыйластық, білім беру ұйымдарындағы тең мүмкіндік, еңбек ортасындағы әділ қарым-қатынас және қоғамдағы өзара түсіністік – конституциялық құндылықтардың нақты көрінісі. Осындай орта қалыптасқанда ғана әр адам өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, елдің дамуына үлес қоса алады. Конституцияның жаңа редакциясында адам мен оның құқықтарын ең жоғары құндылық ретінде белгілеу – мемлекет пен қоғам алдындағы ортақ жауапкершілікті де айқындайды. Заңды құрметтеу, адам қадір-қасиетін сақтау және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру – құқықтық мәдениетті нығайтудың маңызды бағыттары.

Ата Заңның басты құндылығы – адамға деген құрмет пен оның құқықтарын қорғау қағидаттарының өмірде жүзеге асуы. Әрбір азамат осы құндылықтарды түсініп, күнделікті іс-әрекетінде басшылыққа алса, еліміздегі заң үстемдігі мен қоғамдық келісімнің нығаюына ортақ үлес қосады.

Ұйғыр аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Ақжан Тілеубердіқызы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БИРЛИККӘ ҚОШУЛҒАН ҮН

 Сәнъәтниң тили ортақ. У милләт таллимайду, тил вә чегара билән чәкләнмәйду. Бир сәһнидә я…