Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысын газдандыру бойынша Ақпарат

Алматы облысын газдандыру бойынша Ақпарат

0
368

Аймақта 284 елді мекен газдандыруға жатады, олардың 159-ы (56%) газдандырылған, 1,2 миллион адам (77%) газбен қамтылған.
Бүгінгі таңда аймақта ірі магистралды газ құбырлары жұмыс істейді: «Алматы-Талдықорған», «Алматы-Байсерке-Талғар», «Алматы-Байсерке-Талғар»-дың 2-ші желісі, «Байсерке-Капшагай», «Ташкент-Бішкек-Алматы» газ құбыры, «Қазақстан-Қытай» және құрылыс үстіндегі «Шелек-Кеген-Нарынқол».
Сонымен қатар, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры бойынша ішкіқұбырлық диагностика жүргізілді, ал «Алматы-Талдықорған» магистралды газ құбыры бойынша диагностика жалғасуда.
2024 жылы 17 жаңа газдандыру нысаны іске қосылды (Жамбыл ауданы: Бирлік, Актерек, Аксенгир, Кокдала, Жайсан, Б. Қыдырбекұлы, Беріктас, Дегерес, Қазыбек бек; Іле ауданы: Жаңаарна, Еңбек; Талғар ауданы: Арқабай, Коктал, Қайнар, Тонкеріс; Ұйғыр ауданы: Бахар, Шарын). Бұл жұмыстар облыс тұрғындарының 30 мыңнан астамының тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етті.
18 жобаның мемлекеттік сараптамасы оң қорытындысын алды. Бұл жобалар 600-ден астам уақытша және 20 тұрақты жұмыс орынмен қамтиды. (Балқаш ауданы – Береке; Еңбекшіқазақ ауданы – Талдыбұлақ, Сатай, Қаракемер, Нұрлы, Мақсат, Достық, Лавар, Қорам, Қаратырық, Дихан, Қаражота, Шелек-Кеген-Нарынқол; Қарасай ауданы – Қарасай, Талғар ауданы – Дәулет; Қонаев қаласы – ДГД және 5 шағын аудан).
2025 жылы 12 жобаны іске асыруға 3,75 млрд теңге бөлінді. (Балқаш ауданы – жаңа мкр. Бақанас, Ақжар, Бояулы, Миялы; Жамбыл ауданы – Танбалытас, Шілібастау, Архарлы; Талғар ауданы – Елман, Кіші Байсерке, Дәулет; Ұйғыр ауданы – Тасқарасу; Қарасай ауданы – Сауыншы) (РБ – 250 млн тенге, ЖБ – 3,5 млрд тенге).
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 29 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 1,4 млрд теңге бөлінді, ол: (Балқаш ауданы – Бура, Ұшжарма, Ақкөл; Еңбекшіқазақ ауданы – Ақши, Қайрат, Балтабай, Болек, Аймен, Алға, Койшыбек, Базаокельді, Космос, Қызылшарық; Талғар ауданы – Озтерім, Нұра, Тұғанбай; Іле ауданы – Қуйған; Ұйғыр ауданы – Кіші Дихан, Үлкен Дихан, Көлжат, Кетпен).
2025 жылдың соңына дейін аймақтың газдандыру деңгейі 59,8%-ға дейін арттырылып, 170 елді мекенге табиғи газ беру жоспарлануда. Қалған 114 елді мекен 2030 жылға дейін газдандырылатын болады.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында 35 білім ордасы алғаш рет аттестаттаудан өтті

Былтыр Алматы облысындағы   299 білім беру  ұйымына мемлекеттік  аттестаттау жүргізілді.Нә…