Басты бет Саясат СҰҢҚАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

СҰҢҚАР ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
31

Ұйғыр ауданында Сұңқар орта мектебінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, мектептің тыныс-тіршілігі, ұстаздардың еңбегі мен білім беру сапасын арттыру бағытындағы алдағы міндеттер талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтарды түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру саласын жетілдіру және мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Кездесу барысында мектеп ұжымының пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, ұстаздар қауымымен өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісуге мүмкіндік берді. Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген мектеп ұжымына алғыс білдіреміз.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Шарын ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін алдымен «Теңдік» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылып, Қазақс…