Басты бет Саясат Шарын ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Шарын ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

0
16

Бүгін алдымен «Теңдік» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен басым міндеттер кеңінен түсіндірілді. Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, өңірлерді дамыту және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу бағыттары талқыланды.

Одан кейін Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы, Ақжолтаева Алия Ақжолтайқызы, Нурахунов Шухрат Турдахунович және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Шарын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидаттар тұрғындарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен жоспарларға тоқталды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол және инфрақұрылым сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды толғандыратын өзекті мәселелер бойынша ашық әңгіме өрбіді. Тұрғындар ауылдың дамуына қатысты ойларын ортаға салып, бірқатар мәселелерді көтерді. Кандидаттар айтылған ұсыныстардың маңыздылығына тоқталып, халықпен тұрақты байланыс орнату мен тұрғындардың талап-тілектерін ескерудің маңызын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Таразы» бастауыш партия ұйымының мүшелеріне Мемлекет басшысының Жолдауы түсіндірілді

«Таразы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізіліп, Қазақстан Республикасы Пр…