Басты бет Ақпарат ағыны Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз!

0
25

Ұйғыр ауданында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу және тұрғындардың қаржылық қауіпсіздік жөніндегі сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтармен кездесіп, интернет кеңістігінде жиі кездесетін алаяқтық әрекеттер туралы ақпарат берді. Түсіндіру барысында тұрғындарға бейтаныс адамдардан келген күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау, белгісіз сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ банк картасының деректері мен SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар азаматтарға интернет алаяқтықтан қорғанудың негізгі жолдары көрсетілген ақпараттық брошюралар таратылып, күмәнді жағдайларда асығыс шешім қабылдамаудың маңыздылығы түсіндірілді. Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлі тәсілдері кездеседі. Сондықтан әр азаматтың жеке және қаржылық деректерін қорғауға жауапкершілікпен қарауы маңызды.

Есте сақтаңыз: қырағылық пен сақтық – интернет алаяқтықтан қорғанудың ең тиімді жолы. Бейтаныс адамдардың сөзіне бірден сенбей, кез келген ақпаратты тексеріңіз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы

Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…