Басты бет Ақпарат ағыны «Таза Қазақстан» – таза орта, ортақ жауапкершілік

«Таза Қазақстан» – таза орта, ортақ жауапкершілік

0
25

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұйғыр ауданында қоршаған ортаны таза ұстау және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Ұйғыр аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шарын ауылдық округіндегі жастар саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке «Жасыл ел» жасақтарының жастары белсенді қатысып, саябақ аумағын қоқыстан тазартуға және абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстары барысында саябақ аумағы ретке келтіріліп, қоршаған ортаның көркіне мән берілді. Жастардың мұндай бастамаларға белсенді қатысуы – туған жерге деген жанашырлық пен қоғамдық жауапкершіліктің нақты көрінісі. «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мәні – тазалықты бір реттік шара ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру. Осы ретте жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға және қоғамдық орындарды таза ұстауға тәрбиелеу маңызды.

Туған жердің тазалығы – баршаға ортақ іс. Әрқайсымыз өзімізден бастап, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысайық! 🌿

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы

Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…