Басты бет Ақпарат ағыны Достық бар жерде – береке бар

Достық бар жерде – береке бар

0
28

Ұйғыр ауданында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, өзара сыйластық пен достықты берік қалыптастырып келеді. Бұл – ауданымыздың басты құндылықтарының бірі. Біздің ауданымызда әртүрлі этнос өкілдері ортақ қуанышқа бірге қуанып, маңызды шараларда бір-біріне қолдау көрсетіп, қоғамдық өмірге белсенді араласады. Мұндай өзара түсіністік пен құрмет күнделікті қарым-қатынастан бастап, түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларда да анық көрініс табады. Ұйғыр этномәдени орталығы да этносаралық татулықты нығайтуға, мәдениеттер арасындағы байланысты арттыруға бағытталған жұмыстарға белсенді қатысып келеді. Жыл көлемінде түрлі этнос өкілдерінің басын қосатын кездесулер, дөңгелек үстелдер, мәдени шаралар, ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін басқосулар ұйымдастырылып, ортақ құндылықтар кеңінен насихатталады. Осындай кездесулердің әрқайсысы – бір-біріміздің салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді жақынырақ танып, өзара құрметті арттыруға мүмкіндік береді. Әр халықтың өзіндік ерекшелігі болғанымен, барлығымызды біріктіретін ортақ құндылықтарымыз бар. Ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, отбасы құндылығы және бейбіт өмірге деген ұмтылыс. Менің ойымша, достық пен татулықты сақтау тек белгілі бір ұйымның немесе этномәдени бірлестіктің міндеті емес. Бұл – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әсіресе жастарға осы құндылықтарды үлгі ету маңызды. Себебі бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі қоғамның негізін қалыптастыратын буын. Ауданымызда өтіп жатқан мәдени және қоғамдық шаралар барысында түрлі этнос өкілдерінің бір ортаға жиналып, бірге еңбек етіп, бірге мерекелеп жүргенін көріп қуанамыз. Мұндай сәттер адамдар арасындағы байланысты нығайтып, өзара сыйластықты одан әрі арттыра түседі. Біздің байлығымыз – әртүрлілігімізде, күшіміз – бірлігімізде. Ұйғыр ауданындағы достық пен татулықтың берік болуы – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Осы жақсы дәстүрді жалғастырып, кейінгі ұрпаққа бейбітшілік пен өзара құрметке негізделген құндылықтарды аманат ету – басты міндетіміз.

Ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Османов Арлен 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы

Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…