Басты бет Ақпарат ағыны Тазалық – табиғатты қорғаудан басталады

Тазалық – табиғатты қорғаудан басталады

0
22

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ұйғыр ауданындағы №1 мектеп-лицейінде 5-сынып оқушыларының қатысуымен қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптауға бағытталған экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар мектеп аумағын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар жиналған қалдықтарды түрлеріне қарай бөліп, пластик, қағаз және шыны қалдықтарын жеке-жеке сұрыптады. Экологиялық шара барысында оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау және қалдықтарды бөлек жинаудың қоршаған ортаға тигізер пайдасы түсіндірілді. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Тазалықты сақтау – қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. Таза мектеп, таза ауыл, таза қоршаған орта – баршамызға ортақ міндет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы

Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…