«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кеңсе аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ұлттық парк қызметкерлері аумақты тазарту, абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жұмыстарына белсене қатысты. Қызметкерлер кеңсе аумағын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның көрікті әрі таза болуына өз үлестерін қосты. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – табиғи байлықты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды орын алатын ерекше аумақ. Сондықтан оның аумағының тазалығы мен көркейтілуіне жауапкершілікпен қарау – ортақ міндет. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай шаралар тазалықты сақтаудың маңызын насихаттап қана қоймай, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Әрбір тазалық жұмысы – қоршаған ортаға деген жанашырлықтың нақты көрінісі. Таза табиғат – таза болашақ. Қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкенің тазалығын сақтауға бірге атсалысайық!
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Что изменилось в образовании за 7 лет?
Зарплаты учителей выросли, а нагрузка снизилась. Усилилась социальная поддержка педагогов.… -
Білім беру саласында соңғы 7 жылда не өзгерді?
Мұғалімдердің еңбекақысы өсті, жүктемесі азайды. Педагогтерге берілетін әлеуметтік қолдау … -
Министр ИИ ОАЭ отметил Astana AI Film Festival как пример возможностей искусственного интеллекта
Государственный министр ОАЭ по искусственному интеллекту Омар Аль Олама упомянул казахстан…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы
Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…
