Ұйғыр ауданында жастарға құқық қорғау саласындағы мамандықтарды таныстыру және ішкі істер органдарындағы қызмет туралы ақпарат беру мақсатында кәсіптік бағдар беру кездесулері ұйымдастырылды. Алматы облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының нұсқауын орындау және 2026–2027 жылдарға арналған ІІО-дағы бос лауазымдарды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес, Тасқарасу және Шырын ауылдарындағы орта мектептерде оқушылармен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері мен артықшылықтары, полиция қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жастарға полиция қызметкеріне қойылатын талаптар, кәсіби даярлық пен қызметтік міндеттер жөнінде ақпарат беріліп, болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар ұсынылды. Құқық қорғау саласы – жоғары жауапкершілікті, тәртіптілікті және елге адал қызмет етуді талап ететін маңызды мамандықтардың бірі. Ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу – үлкен жауапкершілік әрі абыройлы міндет. Полиция қатарында қызмет атқаруға қызығушылық танытқан жастар қажетті ақпаратпен Qyzmet-Police.kz сайты арқылы таныса алады.
Ел тыныштығын күзету – абыройлы міндет!
