Басты бет Ақпарат ағыны «AMANAT» ПАРТИЯСЫ Алматы облысында 44 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ Алматы облысында 44 мың гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарды

0
1,044

Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек комиссияның өзге де мүшелерімен бірге Алматы облысының ауыл тұрғындарымен кездесіп, жайылым тапшылығы мәселесін талқылады. Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшылары жердің тозуы, дизель отынының қымбатшылығы, мемлекеттік субсидиялардың жетіспеушілігі және т.б. мәселелерді көтерді. Райымбек ауданы Нарынқол ауылының тұрғыны Ысқақ Өмірәлиевтің айтуынша, бүгінде ауыл тұрғындарының мал жаятын жері жоқ. Жақын маңдағы жер иелері жергілікті тұрғындардың малын өз аумағына өткізбейді. Алайда жайылымдарды өздері де пайдаланбайды. «Аудан аумағындағы бірнеше мың гектар жер жеке меншік иелікте. Алайда жер игеріп жатқан ешкім жоқ. Не мал жайылмайды, не жер жыртылмайды. Қарапайым халық сонда не істеуі керек? Сонымен қатар, суару маусымында су тапшылығы мәселесі пайда болады. Соның кесірінен, шаруашылықты дамыту қиынға соғып отыр», – деді ол. Комиссия мүшелері жыл басынан бері Райымбек ауданында 17 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылғанын атап өтті. Сондай-ақ, тағы 18 мың гектарды қайтару бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Райымбек ауданының тұрғындарын толғандырған тағы бір түйінді мәселе – шекара маңындағы ауыл шаруашылығы жерлерін ресімдеу екенін атап өтті. «Көп адам 90-шы жылдары ҚХР-мен мемлекеттік шекара белгіленбей тұрып жер алып, оған өмір бойы мұрагерлік құқығына ие болды. Қазір оны заңдастыру мүмкін болмай отыр. Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер жеке меншікке және пайдалануға берілмейді. Тіпті, әкімдік қаулысының негізінде уақытша жер пайдалануға толық құқығы ресімделген тұлғаларға да шекара маңы аймағындағы жерге мемлекеттік акті берілмейді. Соған байланысты, шаруалар ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялар мен өзге де мемлекеттік көмекке өтінім беру мүмкіндігінен айырылды. Бұл мәселені «Жер аманаты» комиссиясы қарастырады», – деді Бақытжан Базарбек. Бұдан соң, партиялықтар Кеген ауданындағы Кеген ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы жергілікті шаруалар да ауыл шаруашылығына арналған жер тапшылығы мәселесіне алаңдап отыр. «Былтыр аудан аумағында біраз мал қырылды. Жайылым да, шабындық та жоқ. Малға азық, жем-шөп дайындай алмаймыз. Ең құнарлы жер кәсіпкерлерге тиесілі. «ҚазМясо» компаниясы 17 мың гектарға иелік етіп отыр. Ал ауданда мал бағатын жері жоқ қаншама отбасы бар. Қандастарымыздың 40 отбасына осы уақытқа дейін жер берілмей келеді. Тіпті, ауыл айналасындағы жер де жеке меншік иелікте», – деді Бұршақпай Белеков есімді ақсақал. Өз кезегінде, Дәулет Кәрібек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл ретте, «AMANAT»-тың басым міндеттерінің бірі – қайтарылған жердің халық арасында әділ бөлінуіне қатаң бақылауды қамтамасыз ету. «Әр учаске мақсатына сай пайдаланылуы тиіс. «Жер аманаты» комиссиясының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының жайылымға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Биыл 1 қаңтардан бері Алматы облысында 44,6 мың гектар жер қайтарылды. Жыл соңына дейін 220 мың гектарды мемлекет меншігіне қайтаруға уәде береміз. Біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Латифундистермен күрес жалғаса береді», – деді партия Хатшысы. Комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов ұсынған мәліметке сәйкес, былтыр Алматы облысында мемлекет меншігіне 113 мың гектардан астам жайылым қайтарылды. Оның 57,8 мың гектарын меншік иелері өз еркімен қайтарып берді. Тағы 13,3 мың гектар жер сот шешімі бойынша қайтарылды. Бұған дейін «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі әзірленген еді. Ол елді мекендердегі жайылым тапшылығын және мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесін көрсетеді. Жалпы, ел аумағында былтыр «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен пайдаланылмай жатқан 5 млн. гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Еске сала кетейік, қазақстандықтар жер мәселесін жедел шешу үшін «AMANAT» партиясының «жедел желісіне» 8 800 080 44 41 телефон нөміріне арқылы барлық заң бұзушылық фактілері туралы хабарлай алады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі Мади Сайдильдин +7 700 444 55 10

 

****

Председатель комиссии «Жер аманаты» Даулет Карибек совместно с другими членами комиссии встретился с сельскими жителями Алматинской области, обсудив актуальные проблемы нехватки пастбищных земель. В ходе встречи сельчане и руководители крестьянских хозяйств поднимали вопросы деградации земель, высоких цен на дизельное топливо, нехватки государственных субсидий и другие. По словам жителя села Нарынколь Райымбекского района Искака Омиралиева, сегодня сельчанам негде пасти скот. При этом, собственники близлежащих земель не пускают на свою территорию скот местных жителей, а сами пастбищами не пользуются. «В нашем районе несколько тысяч га земли в частных руках находятся, но там ничего не происходит, скот не пасут, земли не пашут. А что делать простым людям? Кроме того, в поливной сезон нам остро не хватает воды, из-за этого тяжело вести хозяйство», – сказал он. Члены комиссии отметили, что с начала текущего года в Райымбекском районе в госсобственность возвращено более 17 тыс. га земли. Также продолжается активная работа по возврату еще 18 тыс. га. По словам заместителя председателя «Жер аманаты», депутата Мажилиса Бакытжана Базарбек, не менее актуальная проблема для жителей Райымбекского района – оформление сельскохозяйственных земель, находящихся в приграничной зоне. «Многие люди получили эти земли на право пожизненного наследуемого владения ещё в 90-х годах до делимитации госграницы с КНР и сейчас фактически лишились возможности узаконения этих земель. Согласно статье 24 Земельного кодекса земли сельхозназначения, расположенные в приграничной зоне, не представляются в частную собственность и землепользование. Данная ситуация сложна тем, что в приграничной зоне отказывают в выдаче госактов на землю даже тем, у кого оформлено полноценное право временного землепользования предоставленное на основе постановления акимата. Люди из-за указанной казусной ситуации лишились возможности подавать заявки на субсидии и иную государственную помощь в сфере сельского хозяйства. Данный вопрос взят в работу нашей комиссией», – сказал Бакытжан Базарбек. Далее партийцы встретились с жителями села Кеген Кегенского района, где местных фермеров также беспокоит вопрос дефицита сельхозугодий. «В прошлом году у нас по всему району был падеж скота. Пастбищ нет, корма нормально не можем заготовить. Самые хорошие земли ушли к бизнесменам. Есть компания «КазМясо», у них 17 тыс. га, при этом сколько у нас семей, которым негде пасти скот. 40 семей кандасов, которым землю не дали до сих пор. Даже вокруг села земля оказалась в частных руках», – говорит аксакал Буршакпай Белеков. В свою очередь Даулет Карибек подчеркнул, что работа по возврату в госсобственность неиспользуемых и незаконно переданных в частные руки сельскохозяйственных земель ведется по поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева. В этой связи одна из приоритетных задач «AMANAT» – это обеспечить строгий контроль за справедливым распределением среди населения возвращенных земель. «Каждый участок должен использоваться по назначению. Главная цель комиссии «Жер аманаты» обеспечить равный доступ к пастбищам для всех жителей сельской местности. С 1 января т.г. в Алматинской области уже возвращено 44,6 тыс. га земли, а до конца года мы обещаем передать в госсобственность 220 тысяч га. И мы не намерены останавливаться, борьба с латифундистами будет продолжаться», – сказал Секретарь партии. По информации члена комиссии, депутата Мажилиса Жанарбека Ашимжана в прошлом году в Алматинской области в собственность государства было возвращено более 113 тыс. га. пастбищных угодий, 57,8 тыс. га из которых собственники передали добровольно. Еще 13,3 тыс. га возвращены по решению суда. Ранее, по инициативе комиссии «Жер аманаты» был разработан геосервис jerkarta.gharysh.kz отражающий дефицит пастбищных угодий для каждого сельского населенного пункта и перечень уже возвращенных в госсобственность земельных участков. В целом по Казахстану за прошлый год при непосредственном содействии комиссии «Жер аманаты» в государственную собственность возвращено более 5 млн. га неиспользуемых земель. Напомним, что для оперативного решения земельных вопросов казахстанцы могут сообщать обо всех фактах нарушений по телефону «горячей линии» партии «AMANAT» 8 800 080 44 41. Заявки также принимаются через WhatsApp по номеру +7 700 800 44 41.

Пресс-служба Алматинского областного филиала партии «AMANAT» Мади Сайдильдин +7 700 444 55 10

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Пресс-релиз: Ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың туғанына 135 жыл

Өтетін күні: 2024 жылғы 11қазан Өткізу уақыты: 10.00 Өтетін орны: Жамбыл ауданы,Үмбетәлі а…