Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында экотуризм дамуда

Алматы облысында экотуризм дамуда

0
203

Алматы облысы Қазақстанның табиғаты ең көрікті өңірлерінің бірі ретінде экотуризмді дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл туралы туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің басшысы Шерхан Есентеміров айтты.

Өңірде туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Қайыңды көліне апаратын 12 шақырымдық жолды жөндеу басталды. Түрген шатқалы мен Ассы үстіртінде визит-орталықтар салу жоспарланып, электр жеткізу желілері тартылуда. Спикер бұл жұмыстардың туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталғанын ерекше айтты.

«Алматы облысына жыл басынан 1,6 миллионнан астам турист келді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға көп. Көлсай көлдерінде 370 мыңға жуық турист дем алды. Бұл – экотуризмнің өңірдегі басты бағыт екенін көрсетеді», – деді Шерхан Есентеміров.
Оның айтуынша, шетелдік туристер арасында Қытай, Германия, Сауд Арабиясы және Үндістан елдерінен келгендер басым.

Сонымен қатар, облыста жаңа туристік жобалар іске асырылуда. Кеген ауданында құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын аспалы шыны көпір құрылысы басталды. Бұл бірегей жоба өңірде туристер ағынын ұлғайтуға  ықпал етеді деп күтілуде. Бұдан бөлек,Қонаев қаласында DoubleTree by Hilton Konayev қонақүй кешені мен аквапарк құрылысы қолға алынған.
«Бұл жобалар тек туристер үшін емес, жергілікті тұрғындар үшін де жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық дамуына серпін береді», – деді спикер.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…