Басты бет Заң және қоғам Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

0
21

«16 күндік белсенділік» атты  екі аптаға жалғасатын науқанның басты мақсаты- тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың алдын алу.  Іс-шара 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
Сандарды сөйлетсек, жаға ұстатарлық. Жыл басынан 3943 қылмыс тіркелген. Оның барлығы зорлық-зомбылыққа қатысты. Тек әйелдерді ғана емес кәмелеттік жасқа толмағандарға арам ойын жүзеге асырған жайыттарда анықталған.  Қоғамдағы түйіткіл билік назарында. Бүгінде заңда күшейтілді.
Енді, зорлық-зомбылық құрбандарына барлығы араша түсе алады.
«Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс қозғау үшін жәбірленушінің арызының болуы міндетті емес. Бұл қадам зорлық-зомбылықты ертерек анықтап, құрбандарға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді Алматы облысының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Нұрхан Абдрахманов.
Ана мен баланы, жалпы адамзатты өзгенің азғын әрекеттерінен қорғау үшін құқық қорғау органдары белсене қызмет атқаруда. Қонаев қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Гүлмира Таныбергенқызының айтуынша, полиция қызметкерлері  дағдарыс орталықтарымен бірлесе жұмыс істейді. Олар әрбір зардап шеккен жанды тағдыр тәлкегіне тастамайды.
Облыста төрт дағдарыс орталығы жұмыс істейді, олар арқылы биылғы жылы 212 адам, оның ішінде 53 әйел және 159 бала көмек алды.
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге тек физикалық көмек емес, психологиялық тұрғыдан да қолдау қажет. Біз олардың қоғамға қайта оралуы үшін барлық жағдайды жасап, қалпына келуіне көмектесеміз», –дейді психолог Жанар Нүсүпбайқызы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Заң мен тәртіп саласындағы маңызды оқиғалар

Елімізде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтар заңдарды біледі, зерделейді…