Бұл күні ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің басы қосылды. Жергілікті кәсіпкерлердің шығарған өнімдері мен қолөнер туындыларынан арнайы көрме қойылып, келген қонақтарға кеңінен таныстырылды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Талғат Ескендірұлы сөз сөйлеп, өңірімізде кәсіпкерліктің өркендеуіне атсалысып жүрген бірқатар маңдайалды кәсіпкерлердің қажырлы еңбегін ерекше атап өтті. Ел дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлестері үшін оларға алғыс айтып, арнайы марапаттар мен құттықтаулар табыстады.
Мерекелік кеш соңы аудан өнерпаздарының дайындаған әсем ән мен күйге толысқан концерттік бағдарламасына ұласып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады!
