Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы әділдік қағидаттарын бұзып, азаматтардың тең мүмкіндіктерін шектейтін күрделі мәселе. Пара беру арқылы заңсыз артықшылыққа қол жеткізу басқа азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу елдің дамуы мен қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін оған ықпал ететін жағдайларды анықтап, жою қажет. Мемлекеттік қызметтерді …