Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Бір-біріне қолдау көрсету, мұқтаж жандарға жанашырлық таныту және қоғамда мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Осы мақсатта Ұйғыр аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Ізгілік пен өнерді ұштастырған шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрермен назарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен биден шашу шашты. Кештің мазмұнына сай дайындалған шығармашылық …