Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі қасиеттердің бірі. Бір-біріне қолдау көрсету, мұқтаж жандарға жанашырлық таныту және қоғамда мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Осы мақсатта Ұйғыр аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Ізгілік пен өнерді ұштастырған шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көрермен назарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен биден шашу шашты. Кештің мазмұнына сай дайындалған шығармашылық нөмірлер көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, рухани әсер қалдырды. Концерттік бағдарлама аясында өнерпаздар әсем әндерін орындап, ұлттық нақыштағы және заманауи билерін көпшілікке ұсынды. Әрбір өнер көрсету көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, залда көтеріңкі көңіл күй қалыптасты. Өнер иелерінің сахнадағы шеберлігі мен шығармашылық ізденісі қайырымдылық шарасының мазмұнын аша түсті. Мұндай игі бастамалардың басты ерекшелігі – адамдарды ортақ ізгі мақсат төңірегіне біріктіруінде. Қайырымдылық шаралары арқылы қоғамда өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық және адамгершілік секілді асыл қасиеттер дәріптеледі. Сонымен қатар мәдениет саласы өкілдерінің өнер арқылы қоғамға үлес қосуы – шығармашылықтың тек рухани демалыс қана емес, игі істердің де бастауы бола алатынын көрсетеді. Өнер – адам жүрегіне жол табатын ерекше күш. Ал қайырымдылықпен ұштасқан өнердің мәні одан әрі тереңдей түседі. Себебі осындай шаралар арқылы көпшілікке жақсы көңіл күй сыйланып қана қоймай, адамдар арасындағы сыйластық пен қамқорлықтың маңызы да айқындалады. Ұйымдастырылған қайырымдылық концерті – мәдениет қызметкерлерінің өнерге деген адалдығы мен қоғамдағы ізгілік құндылықтарын насихаттауға қосқан үлесінің көрінісі. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, мейірімділік пен жанашырлық әрдайым қоғамның басты құндылықтарының бірі болып қала берсін!
