Жастар ресурстық орталығының маманы А. Тілеубердіқызының ұйымдастыруымен жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-танымдық көзқарасын кеңейту және әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында кезекті кітап талқылау кеші өткізілді.
Кездесу барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлен Әбдіктің «Парасат майданы» шығармасы талқыланды.
Шара барысында қатысушылар туындының терең философиялық мәніне үңіліп, шығармадағы адам болмысы, ар-ождан, ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық арасындағы күрес секілді маңызды тақырыптар төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Әрбір қатысушы шығармадан түйген ойын ортаға салып, кейіпкерлердің ішкі әлемі мен автор көтерген мәселелерге өзіндік көзқарасын білдірді.
Кітап талқылау кеші жастардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, терең ойлануға, пікір алмасуға және әдеби шығармалар арқылы өмірлік құндылықтарды бағамдауға мүмкіндік берді.
Өйткені кітап оқу – жай ғана уақыт өткізу емес, ол адамның ішкі әлеміне үңіліп, өз болмысыңды тануға бастайтын рухани сапар.
📖 Кітап оқиық, ой бөлісейік, рухани байиық!
