Алатау қаласында медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Солардың бірі – Жетіген шағын ауданында 250 келушіге арналған емхана құрылысы.
Бұл туралы қала әкімі Әркен Өтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Жаңаарна шағын ауданындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.
Алдағы уақытта Жаңадәуір шағын ауданында да 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс жұмыстары қажетті қаржы бөлінгеннен кейін басталады.
Жаңа медициналық нысандардың салынуы тұрғындардың алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, қаладағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын кеңейтуге мүмкіндік береді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді
Алатау қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және жол-көлік жүйесін дамыту бағытынд… -
Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асуда
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті артып, жаңа өндіріс орындары мен ірі инфрақұрылымды… -
Жеңіс құтты болсын🥇
Қонаев қаласында Алматы облысының спорт мекемелері қызметкерлері арасында өткен “Әкем, ана…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ЗАБОТА О ЧЕЛОВЕКЕ
Каждый рабочий день у нас в сельской амбулатории начинается одинаково. Люди приходят к нам…
