Басты бет Ақпарат ағыны «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ

0
13

«Қауіпсіз үй» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы білім беру ұйымдарын аралап, мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулердің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтауға бағытталған түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға құқық бұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттердің алдын алу, буллинг пен бопсалауға жол бермеу, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, есірткі заттарының зияны, сондай-ақ отбасындағы және қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушыларға құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі және күмәнді жағдайлар туындаған кезде кімге жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды. Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп, білім беру ұйымдарымен және ата-аналармен өзара іс-қимылды жалғастыруда.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Достық пен бірлік – елдігіміздің берік тірегі

Достық пен бірлік – қоғамның тұрақтылығы мен мемлекеттің өркендеуіне негіз болатын асыл құ…