25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» акциясы аясында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап оқуға шақырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білім көкжиегін кеңейтудегі рөлі туралы түсіндірді. Акция аясында кітапхананың тұрақты оқырмандарының …