Басты бет Ақпарат ағыны Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!

Кітап сыйлау – рухани құндылықты бөлісу!

0
30

25 қазан – Республика күніне орай Кіші Дихан ауылдық кітапханасында «Саған кітап арнадым» акциясы аясында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – оқырмандар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап оқуға шақырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен білім көкжиегін кеңейтудегі рөлі туралы түсіндірді.
Акция аясында кітапхананың тұрақты оқырмандарының бірі кітапхана қорына кітап сыйға тартты. Бұл – өзге оқырмандардың да жаңа кітаппен танысып, оны оқып шығуына мүмкіндік беретін игі бастама. Кітап сыйлау арқылы оқырман білім мен рухани байлықты өзгелермен бөлісіп, кітапхана қорын толықтыруға өз үлесін қосты.
Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Ал кітап сыйлау – ізгілік пен жомарттықтың, оқуға деген құрметтің жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар қоғамда кітап оқу мәдениетін нығайтып, жас ұрпақтың рухани дамуына жол ашады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Республика күніне орай «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Саған кітап арнадым» республикалық акциясы басталды!

📖 Акцияның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар арасында кітап сы…