Бүгінде интернет алаяқтықтың түрі көбейіп, алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда.
«Банк қауіпсіздік қызметінен хабарласып тұрмыз», «шотыңызға қауіп төніп тұр», «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» деген қоңырауларға сақ болыңыз.
Есте сақтаңыз: банк қызметкерлері сізден SMS арқылы келген кодты, банк картасының құпия деректерін немесе мобильді қосымшаға кіру мәліметтерін сұрамайды.
📵 Күмәнді қоңырау түссе – әңгімені бірден тоқтатыңыз.
🔗 Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз.
💳 Құпия деректеріңізді ешкімге бермеңіз.
⚠️ Ақша аудармас бұрын ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз.
Бір сәттік сенім – үлкен шығынға әкелуі мүмкін.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз.
Күмәнді жағдайға тап болсаңыз, 102 нөміріне хабарласыңыз.
Сақ болыңыздар! Интернеттегі қауіпсіздік – өз қолыңызда!
#заңжәнетәртіп #алаяқтық #102
