Басты бет Ақпарат ағыны ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚАТЫСТЫ ТАҢДАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚАТЫСТЫ ТАҢДАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

0
38

23 тамыз – еліміз үшін маңызды күн. Бұл күні өтетін Құрылтай сайлауы – қоғам өміріндегі елеулі саяси оқиға деп есептеймін. Менің ойымша, кез келген елдің дамуы халықтың белсенділігі мен азаматтардың ортақ іске деген жауапкершілігінен басталады. Ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерге өз пікірін білдіру, таңдау жасау – әр азаматтың құқығы ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігі деп білемін. Құрылтайдың құрылуы – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтып, халықтың ұсынысы мен пікірін жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды бастама. Әр өңірдің, әр саланың, әртүрлі әлеуметтік топтардың ой-пікірі ескеріліп, ел үшін маңызды мәселелердің ортақ талқылануы – қоғамның дамуына оң әсерін тигізетініне сенемін.  Бүгінгі таңда елімізде тұрақтылық пен бірліктің сақталуы, өзекті мәселелердің ашық талқылануы және халықтың пікірімен санасу маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтай сайлауы – ел дамуына қатысты өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды саяси үдеріс. Сондықтан 23 тамыз күні өтетін сайлауды қолдаймын және барша азаматтарды осы маңызды күнге белсенді қатысуға шақырамын. Әр адамның таңдауы елдің болашағына әсер етеді. «Бір адамның дауысы не өзгертеді?» деген оймен шет қалмай, азаматтық ұстанымымызды білдіргеніміз дұрыс деп ойлаймын. Елдің болашағы – бір адамның емес, барша халықтың ортақ ісі. Сондықтан әрқайсымыз өз таңдауымызға жауапкершілікпен қарап, еліміздің дамуына үлес қосуға тиіспіз.  23 тамыз күні баршаңызды Құрылтай сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауыңызды жасауға шақырамын. Бұл – ел болашағына деген бейжай еместігімізді көрсететін маңызды қадам.

Еліміздің ертеңі жарқын, халқымыздың бірлігі берік болсын!

Ұйғыр аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Гулжахан Кәкішқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

23 ТАМЫЗ – ЕЛ ТАҒДЫРЫНА БЕЙЖАЙ ҚАРАМАЙТЫН КҮН

Әр кезеңнің өз жауапты сәттері болады. Менің ойымша, 23 тамыз – еліміздің болашағына қатыс…