Басты бет Ақпарат ағыны ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ІЛЕ АУДАНЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
155

Алматы облысы Іле ауданындағы Жетісу станциясының теміржол вокзалы күрделі қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін өз есігін айқара ашты.

1959 жылы салынған вокзал ғимараты толық жаңартылып, аумағы екі есеге жуық ұлғайтылды. Бұрынғы 135,7 шаршы метрдің орнына бүгінде жолаушыларға қызмет көрсететін ғимараттың жалпы аумағы 258,3 шаршы метрді құрайды.

Қайта жаңғырту барысында ғимараттың шатыры толық ауыстырылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар су, кәріз, жылу және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылып, инженерлік желілер салынды. Перрон қайта жөнделіп, жолаушыларға қолайлы заманауи жиһаздар орнатылды.

Жетісу вокзалы 3-санаттағы теміржол вокзалдарының қатарына жатады. Бүгінде станция арқылы Алматы, Алтынкөл, Сарыөзек және Қапшағай бағыттарына қатынайтын 4 жолаушылар пойызы күн сайын қатынап, тұрғындардың қатынасын қамтамасыз етіп келеді.

Жобаны іске асыру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, Алматы облысы әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді

Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүніс…