Басты бет Қазақ елі ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ

0
14

(Аудан әкімі Талғат Байеділовтің құттықтауы)

Құрметті аудан жұртшылығы!

Баршаңызды еліміз үшін ең қастерлі мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың 2022 жылғы кезекті отырысында тарихтың қойнауындағы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, ұлы мерекені күнтізбемізге енгізіп берген болатын. Сол сәттен бастап әр жыл сайын 25 қазан күнін Тәуелсіздік күні, Республика күні ретінде атап өтуді игі дәстүрге айналдырдық. Ал 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясы қабылданды.

Бүгінде Республика күні қоғамдық санада әр адамның өз елінің болашағына деген жауапкершілігін айқындайтын, азаматтық бірегейлік пен ұлттық бірлікті айшықтайтын жалпыұлттық мереке ретінде қалыптасты.

Биылғы жыл еліміз үшін айтарлықтай саяси реформалар мен тың өзгерістерге толы жыл болды.

Жылдың басы жаңа Конституцияның жобасын қабылдау үшін республикалық референдум өткізумен басталып, жаңа Конституциямыз күшіне енді. Сонымен қатар еліміздің саяси өмірінде тұңғыш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өткізіліп, халықтың таңдауымен Құрылтайдың депутаттарының жаңа құрамы өз өкілеттіктеріне кірісті. Алдағы уақытта жергілікті маслихат депутаттарын сайлау науқанына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мұның барлығы дамуға қарай қарқынды қадам жасаған мемлекетіміздің тағы бір ауқымды саяси серпілісі екендігі айқын.

Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауындағы «Қазақстан жан-жақты, түбегейлі реформалардың арқасында дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Алда қарқынды жұмыс күтіп тұр. Біз бағдарымыздан айнымай, тек алға қадам басуымыз керек.!» деген жігерлі сөзі барша халықты жұдырықтай жұмылып, табыс пен дамудың жолында ерен еңбек етуге шақырады. Еліміздің жарқын болашағын, Әділетті Қазақстанның кемел келешегін бірге құрайық! Ұлттық мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

9 маусым — Қазақстан Республикасы арнайы мақсаттағы бөлімшелері күні құтты болсын!

…