Басты бет Ақпарат ағыны Коалиция мүшелері Аяжан медициналық колледжі студенттерімен кездесті

Коалиция мүшелері Аяжан медициналық колледжі студенттерімен кездесті

0
32

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Шонжы ауылындағы Аяжан медициналық колледжі студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Коалиция өкілдері Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімі, Құрылтайды пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру және Конституциялық Соттың мәртебесін күшейту мәселелеріне тоқталды.

Коалиция мүшесі Ербол Нурсеитов жастардың саяси белсенділігіне ерекше назар аударды.

«Жаңа Конституция – жастардың болашағына қатысты құжат. Мұнда биліктің теңгерімі, заң үстемдігі және азаматтардың құқықтары нақты бекітіледі. Референдум – әр студенттің елдің даму бағытын айқындауға тікелей қатысу мүмкіндігі», – деді ол.

Студенттер өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Коалиция өкілдері аудандағы спорт мектебінің ұжымымен жүздесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалици…