Басты бет Ақпарат ағыны ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ВЕЛОСПОРТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ!

ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ВЕЛОСПОРТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ!

0
12

2026 жылғы 22 қазанда Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылының орталық алаңында 25 қазан – Республика күніне орай аудандық велоспорт жарысы ұйымдастырылды.

Аудан әкімінің қолдауымен, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі мен аудандық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 120-ға жуық мекеме қызметкері мен аудан тұрғыны қатысты.

Қатысушылар 13 шақырымдық қашықтықты бағындырып, өздерінің шапшаңдығы мен төзімділігін көрсетті. Жарыс тартысты бәсекеге, көтеріңкі көңіл күйге және спорттық рухқа толы болды! 💪

🏆 Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Ерлер арасында:
🥇 I орын – Шакиров Тимур
🥈 II орын – Серикжанов Мухтар
🥉 III орын – Касимов Ришат

Әйелдер арасында:
🥇 I орын – Илиева Руфиза
🥈 II орын – Дилшадова Дилбирим
🥉 III орын – Якупова Малика

🌟 Номинациялар бойынша:
🏅 «Ең үлкен жастағы қатысушы» – Саутов Абдуллин
🏅 «Белсенді қатысушы» (қыздар арасында) – Турдиева Гулзадам

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
#RepublicDayKazakhstan, #Республикакүні

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Конституция – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің негізі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – еліміздің құқықтық дамуы мен қоғамдық өмірі…