
Әр өңірдің дамуы – ең алдымен сол жерде тұратын халықтың тұрмысынан, күнделікті өміріндегі өзгерістерден көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ұйғыр ауданында соңғы уақытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға назар аударуға болады. Ауданда – ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерліктің әлеуеті жоғары, табиғи мүмкіндігі мол аудан. Бүгінде бұл әлеуетті тиімді пайдалану бағытында бірқатар бастамалар қолға алынуда. Әсіресе ауыл шаруашылығын жаңғырту, инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу, жол және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар ауданның болашақтағы экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге негіз болып отыр.
Ауылдарға газ тарту, ауызсу жүйелерін жаңарту, медициналық нысандар салу, жолдарды жөндеу секілді жұмыстардың барлығы – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін маңызды бағыттар. Өйткені ауданның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, ауыл тұрғындарына жасалған жағдаймен де өлшенеді. Ең бастысы, басталған жұмыстар нақты нәтижеге ұласып, әрбір ауыл тұрғыны оң өзгерісті өз өмірінен сезінуі керек.
Шонжы ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Мунира Муртузаева
