Басты бет Ақпарат ағыны ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАР

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАР

0
546

Биылғы жылғы күз мезгілі де Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жариялаған Жолдауымен басталды. Бұл Жолдауда да өзіне тән ерекшеліктер мен елдің экономикасының алға жылжуына, ауылшаруашылық саласының дамуына, әл-ауқатымыздың артуына, жалпы дамуға бет алған өзге елдермен иық тіресе өрге қарай адымдауымызға деген тетіктер мен мол мүмкіндіктер қарастырылған. Біз биылғы жомарт күзде дамудың тағы бір жаңа экономикалық бағдарына қарай бет алдық десек болады.

Біз агросектор саласын дамытуда тер төгіп жатқан аймақтардың бірі болғандықтан суды үнемді пайдалану, су тапшылығын жою, су ресурстарын пайдалы әрі суды аз тұтынатын дәнді дақылдарға пайдалану жөніндегі тапсырмасы барша ауылшаруашылық саласында жүрген шаруақожалық өкілдері мен диқандар қауымын ерекше қуантты. Көп жылдар бойы қордаланып келе жатқан тау бөктеріндегі ауылдарда тоспа салу мәселесі, дренажды каналдардың күрделі жөндеуі мен жаңа құрылысы енді қолға алынып, оң шешімін табатындығы ауылшаруашылық саласына жасалған үлкен қодау болды. Сонымен қатар Салық саласындағы өзгерістер мен салықтық есептерді тапсырудағы жұмысты жеңілдету, орта бизнес саласын дамыту және ксәпікерлерді орынсыз қудалауды тоқтату туралы тапсырмасы Президентіміздің кәсіпкерлерге деген ерекше қамқорлығы мен қолдауы деп білемін. Елімізді жан-жақты дамыту саясатын ілгерілету үшін әуелі ауылшаруашылық саласы мен жеке кәсіпкерлікті ерекше қолдау қажеттігін осы жолы басты міндет етіп қойды. Атқарушы органдарға қойылған осы басты міндет пен нақты тапсырмалар сапалы орындалуы үшін нәтижелі әрі қарқынды жұмыс атқаруымыз керек.

Жалпы Президентіміздің халыққа жолдаған маңызды құжатындағы әрбір тың бастамалар мен нақты тапсырмалар еліміздің ертеңгі тағдырына тікелей әсер ететіндігі сөзсіз. Сондықтан Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын бүгіннен бастап бірге құрауымыз керек. Әділетті Қазақстанның берік қоғамын қалыптастыру үшін аянбай тер төгуге, Президентіміздің саясатын бірге іске асыруға еселі еңбек етейік!

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ,

аудандық ішкі саясат бөліміні басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН ҚАЛЫПТАСҚАН АУЫР ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Бар…