Тасқарасу ауылдық округінде «Азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы: конституциялық өзгерістерді талқылаудағы қоғамдық қатысу тетіктері» тақырыбында халықпен кездесу өтті.
Кездесуді Тасқарасу ауылдық округінің әкімдігі ұйымдастырып, оған ауыл тұрғындары, белсенді азаматтар мен қоғам өкілдері қатысты. Кездесу барысында конституциялық реформалардың мазмұны мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың ұсыныс білдіру, қоғамдық талқылауларға қатысу және өз пікірін еркін жеткізу мүмкіндіктері жан-жақты баяндалды.
Кезлесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Ашық форматта өткен басқосу халық пен жергілікті билік арасындағы өзара байланысты нығайтып, қоғамдық сенім мен бірлікті арттыруға ықпал етті.
Мұндай кездесулер азаматтық белсенділікті күшейтіп, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауда халықтың рөлін арттырады. Әрбір азаматтың пікірі ескерілген қоғамда қабылданған шешімдер әділ әрі тиімді болмақ.
Тасқарасу ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шағалақов Саян
