Басты бет Ақпарат ағыны Коалиция өкілдері аудандағы спорт мектебінің ұжымымен жүздесті

Коалиция өкілдері аудандағы спорт мектебінің ұжымымен жүздесті

0
32

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері аудандағы спорт мектебінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде коалиция өкілдері 2026 жылғы 15 наурыздағы республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ерекшеліктерін баяндады. Атап айтқанда, адамның ең жоғары құндылық ретінде бекітілуі, әлеуметтік кепілдіктердің толық сақталуы, еңбек құқықтарының қорғалуы, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту және жердің халыққа тиесілі екендігі.
«Жаңа Конституция – тұрақтылық пен әділеттіліктің кепілі. Бұл заң жобасы жарты жыл бойы сарапшылар мен қарапайым азаматтардың қатысуымен талқыланды. Енді сөз кезегі халықта», – деді коалиция мүшесі Салтанат Ешмұхаметқызы.
Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді. Ұжым өкілдері кездесу үшін алғыс айтып, алдағы референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Коалиция мүшелері Аяжан медициналық колледжі студенттерімен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалици…