Басты бет Басты ақпарат Негізгі мақсат- халықтың қауіпсіздігі!

Негізгі мақсат- халықтың қауіпсіздігі!

0
68

«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабы 16 тармақшасы негізінде, «Қар көшкініне, су тасқынына, су басуға, сырғымаға, селдің жүруіне дайындық және тұрғындардың, шаруашылық жүргізу объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және болуы мүмкін шығынды азайту туралы» Алматы облысы әкімдігінің қаулысы тармақтарын орындау мақсатында, республика көлемінде жүзеге асырылып отырған «Су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастыру» айлығы барысында, Ұйғыр ауданы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві бағдарламасында қарастырылған жергілікті атқарушы органның резервінен «Добын-1» су қоймасының солтүстік төмен жағында (астында) орналасқан Добын ауылының халқын, егістік алқаптарын, автомобиль жолдарын су қоймасы жарылған кезде су басудан қорғау мақсатында, ауылдың оңтүстік бас жағынан шығыс-солтүстікке қарай (су қоймасының астынан) жаңадан айналмалы қорғаныс каналын қазуға жасалынған жобалық сметалық құжаттарға сәйкес, айналмалы қорғаныс каналын қазу жұмысы басталды.
Аталған жоба, 2011-2022 жылдар арасында өзімнің аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде жұмыс атқарған кездегі ұсынысыммен бастама алып, осы күнге дейін шешімін таппаған.
Арадан 15 жыл өткенде, аудан әкімі Б.Елеусізованың мәселеге бейжай қарамай, қолдауының арқасында Добын ауылының халқын, тұрғын үйлері мен шаруашылық нысандарын су басудан қорғау үшін канал қазу ісі шешімін тауып отыр.


Аталған, айналмалы қорғаныс каналы «Добын-1» су қоймасы апатты жағайда жарылған кезде ауылды су басудан қорғап, артық су мөлшерін қауіпсіз аймаққа шығу үшін қызмет ететін болады.
Сонымен қатар, су қоймасынан шыққан су күз-қыс айларында ауылдың орталық көшелерімен ағып өтпей, айналмалы каналмен қауіпсіз аймаққа шығарылуы, ауылдағы тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ауылдың оңтүстік бас жағынан жиналып ағатын жер асты сулары және құдықтардан жиналған судың айналмалы қорғаныс каналының арнасына түсуі, ауыл бас жағында су қоймасы төңірегінде саз пайда болуынан сақтайды.
Ауыл тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары негізінде, ендігі кезекте арасан учаскесіндегі демалыс орындарының қалдық суларын жинап, тазарту, қауіпсіз аймаққа шығару мәселесі бойынша жұмыс атқарылатын болады.
Көп жылдар бойы, халықтың мұң зарына айналған қорғаныс каналын казу ісіне қолдау көрсеткен барша азаматтарға алғысым шексіз!
Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының «Жұмылдыру
дайындығы, мемлекеттік құпияларды қорғау,
терроризмге қарсы іс-қимыл және құқық
бұзушылық профилактикасы» бөлімінің
Бас Инспекторы Маликжан Масимов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді. Мемлекетті сақтауымыз, елдің бірлігін ойлауымыз керек – Ерлан Қарин