Басты бет Ақпарат ағыны Халықтық штаб: Энергетикалық тәуелсіздікке апаратын жол – АЭС

Халықтық штаб: Энергетикалық тәуелсіздікке апаратын жол – АЭС

0
136

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Қарасай ауданындағы Гуманитарлы-техникалық колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесті.

Жиынның мақсаты – атом электрстанциясы салу жобасының елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен болашағына тигізер ықпалы туралы түсіндіру, жастар арасында кең ауқымды ақпарат тарату.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Халықтық штаб мүшелері Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев сөз сөйлеп, атом энергетикасының стратегиялық маңызы мен экологиялық қауіпсіздігі туралы айтты.

Жанболат Жөргенбаев өз сөзінде АЭС салудың Қазақстан үшін экономикалық тиімділігін және елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтатын маңызды қадам екенін атап өтті.

«Біздің қазіргі электр энергиясының басым бөлігі ескірген көмірстанцияларынан алынады. Бұл экологиялық тұрғыдан тиімсіз әрі болашақта электр энергиясы тапшылығына әкелуі мүмкін. АЭС салу арқылы біз тұрақты, сенімді әрі экологиялық таза энергия көзіне қол жеткізе аламыз. Бұл біздің энергетикалық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикалық өсімге де айтарлықтай үлес қосады», – деді ол.

Ал Закиржан Кузиев АЭС-тің қауіпсіздігіне ерекше тоқталып өтті.

«Қазіргі таңда әлемде АЭС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буынды технологиялар енгізілуде. Қазақстан да осы озық технологияларды пайдаланып, АЭС-тің қауіпсіздігіне толықтай кепілдік береді. Атом энергетикасы – бұл болашақтың энергиясы, біз үшін тұрақты әрі тиімді шешім», – деді сенатор.

Колледж ұжымы мен студенттері де кездесуде өз пікірлерін білдіріп, АЭС салу жобасына қолдау көрсететіндерін айтты. Жастар елдің энергетикалық тәуелсіздігіне және экологияны сақтауға бағытталған жобаның маңыздылығын толықтай түсінетіндерін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Пресс-релиз: Ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың туғанына 135 жыл

Өтетін күні: 2024 жылғы 11қазан Өткізу уақыты: 10.00 Өтетін орны: Жамбыл ауданы,Үмбетәлі а…