Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі 19 тауардан тұрса, өзгерістерден кейін саны 31-ге дейін ұлғайды. Бүгінде көкөністердің қосымша түрлері, жеміс-жидек, еттің бірнеше санаты, балық, шай және майлылығы жоғары сүт өнімдері тізімге енгізілді. Бұл туралы «Қонаев ӘКҚ» АҚ азық-түлік өауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мукашева баспасөз мәслихатында айтты.
Өңірде бағаны тұрақтандыру екі негізгі тетік арқылы іске асырылады. Біріншісі – тұрақтандыру қорын қалыптастыру. Бұл жағдайда облыс бюджетінен қаражат үш жыл мерзімге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға бөлінеді. Тұрақтандыру қорындағы өнімге көтерме деңгейде 1–5 пайыз, ал бөлшек саудада 10 пайыздан аспайтын үстеме белгіленеді. Нәтижесінде қор арқылы сатылатын тауарлар нарықтағы орташа бөлшек бағадан 10–15 пайызға төмен болады.
«2023 жылдан бастап тұрақтандыру қоры 7 атау бойынша 2 456 тонна өнім қалыптастырды. Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 958,4 млн теңге. Осы кезеңде шамамен 900 тонна өнім сатылып, 41,6 млн теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды»,-деді спикер.
Қорды жаңарту мақсатында 1 130 тонна қанттың қаражаты айналымға қайта жіберілді. 2025 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша қордағы қалдық 839 тонна болып отыр. Ай сайын 140–150 тонна өнім қоймада сақталып, қалған бөлігі форвардтық шарттар негізінде қажеттілікке қарай жеткізіледі.
Екінші тетік – кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 0,01 пайыздық жылдық мөлшерлемемен қаражат бөлінеді. Несие мерзімі – 12 ай, ал негізгі міндеттеме – белгіленген көлемде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және бекітілген бағамен өткізу. Жалпы бұл мақсатқа 4 851 млн теңге бағытталды. Қазіргі уақытта 24 өндірушінің айналымында 4,5 млрд теңге бар. Бұл қаражат 13 840 тонна әлеуметтік маңызы бар өнім өндіруге бағытталған.
Қаржылық құрылымға қарағанда, негізгі басымдық жеңілдетілген несие беру тетігіне берілген. Жалпы айналымдағы 5,8 млрд теңгенің басым бөлігі осы бағытқа тиесілі. Бұл тәсіл тікелей нарыққа интервенция жасаудан гөрі, өндірушілердің айналым капиталын қолдау арқылы бағаның өсуін тежеуге бағытталғанын көрсетеді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Мектеп оқушыларының қатысуымен «Жас эколог» экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараның мақс…
-
Құрметті аудан тұрғындары және демалушылар! Термалды (ыстық) су көздерінде шомылу кезінде …
-
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Түркітілдес мемлекеттер ұйымының Түркістан қ. өтетін бейресми саммитін өткізу барысында бірінші рет ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Tesla Cybertruck базасындағы командалық-штабтық машинасы (КШМ) қолданылады.
Бұл КШМ әзірленбеген аудан/аймақтарда бөлімшелерді басқару, байланыс және іс-әрекеттерді ү…
