
Адам саудасы – қазіргі қоғамдағы ең күрделі әрі қауіпті қылмыстардың бірі. Ол адамның құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзып қана қоймай, оның өміріне, денсаулығына және болашағына зор қауіп төндіреді. Сондықтан бұл мәселеге бейжай қарамай, әр азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру – маңызды міндет. Осы мақсатта «Мен адам саудасына қарсымын!» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, тұрғындарға адам саудасының белгілері, оның алдын алу жолдары және күмәнді жағдайларда қайда жүгіну қажеттігі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, заң талаптары түсіндірілді. Мамандардың айтуынша, жалған жұмыс ұсыныстары, күмәнді делдалдар мен әлеуметтік желілердегі тексерілмеген хабарландыруларға сену адам саудасының құрбаны болуға әкелуі мүмкін. Сондықтан кез келген ұсынысты мұқият тексеріп, жеке құжаттарды бөгде адамдарға бермеу және ресми ақпарат көздеріне ғана сүйену қажет. Адам саудасының алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азаматтың қырағылығы мен құқықтық сауаттылығы мұндай қылмыстардың алдын алуға ықпал етеді.
Адам саудасына жол жоқ! Өз құқығыңызды біліңіз, қауіпсіздігіңізді қорғаңыз!
