Ұйғыр ауданындағы әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың абонементтік оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстан!» атты мерекелік шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, еліміздің мемлекеттілігін дәріптеу, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру. Шара барысында қатысушылар Республика күнінің мән-маңызына тоқталып, …