Басты бет Ақпарат ағыны Республика күніне орай «Ел тарихы – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағаты өтті

Республика күніне орай «Ел тарихы – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағаты өтті

0
16

Ұйғыр ауданына қарасты Кетпен ауылдық кітапханасында 25 қазан – Республика күніне орай «Ел тарихы – ұрпаққа аманат» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңдерді насихаттау, ел тарихына құрметпен қарауға баулу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар жас ұрпаққа мемлекеттіліктің қадір-қасиетін түсіндіру, отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру, отбасындағы ұлттық тәрбиенің маңызын көрсету көзделді.

Тәрбие сағаты барысында еліміздің тарихы, мемлекеттіліктің қалыптасуы мен нығаю жолындағы маңызды кезеңдер туралы түсінік берілді. Қатысушыларға туған жерді қадірлеу, ел тарихын білу, ұлттық мұра мен салт-дәстүрді сақтау әр азаматтың маңызды міндеті екені түсіндірілді.

Сондай-ақ жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңірудегі ата-ананың рөліне ерекше назар аударылды. Отбасындағы өнегелі тәрбие мен үлкендердің үлгісі баланың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, елге құрметпен қарауына ықпал ететіні айтылды. Ата-аналарды балалардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат тәрбиелеуге шақыру мәселелері де қамтылды.

Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Республика күні – мемлекеттілігімізді дәріптеп, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтардың маңызын терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды мереке.

Кетпен ауылдық кітапханасында өткен тәрбие сағаты жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және туған елге деген құрметті нығайтуға бағытталды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қыран елім – Қазақстан!» атты мерекелік шара өтті

Ұйғыр ауданындағы әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың абонементтік оқырмандарға қызме…