Қазіргі уақытта Талғар ауданына қарасты Алатау ауылдық округі бойынша 374 шаруа қожалығы4 өндірістік кооперативі тіркелген. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1754адам.
Округтегі мал басы 2024 жылға барлығы 7582 басты құрайды. Асыл тұқымды малды көбейту үшін жасанды ұрықтандыру басты рөл атқарады. Осы мақсатта ауылдық округте жасанды ұрықтандырудың 1 пункті бар. Бүгінгі күнге 350 бас мал қолдан ұрықтандырылып 100% құрады.
Округтегі барлық егістік алқабы – 1418 га, оның ішінде суармалы егістік – 889 га. Шабындық – 35 га, жайылымдық алқап – 2555га, көп жылдық өсімдіктер – 245 га.
Алатау ауылдық округі аумағында егістік алаңы 2023 жылмен салыстырғанда 66,8 пайызға артты, 2023 жылы 461,1 гектар егістік егілсе, 2024 жылы – 689,7 га яғни 228,6 гектарға артқан.
Жайылымдармен қамтамасыз ету мақсатында, ауыл тұрғындарының жеке малдарын жаю үшін Ұлттық парк аумағындағы 3000 га жер учаскесіне Ұлттық паркпен және жер пайдаланушыларымен меморандумдар жасалынды. Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Белбұлақ ауылдық округінде округте 59 шаруа қожалықтары тіркелген. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің көлемі – 40 162 га, оның ішінде — 1304 га егістік, 38 858 га жайылымдық жерлер. Биылғы жылы 30 га бидай, 280 га арпа, 370 жүгері, 200 га соя, 100 га картоп егілді.
Белбұлақ ауылдық округінде«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында округтің тұрғындарына мал шаруашылығын дамытуға, қызмет көрсетуге 41 кәсіпкерге кеңес беріліп, 9 кәсіпкердің құжаты несие алуға дайындалу үстінде.
Тұздыбастау ауылдық округі бойынша 128шаруа қожалығы
тіркелген, нақты 12 шаруа қожалығыжұмыс атқаруда.
Округтегі барлық ауылшаруашылыққа арналған алқап – 1765 га, оның ішінде шабындық – 276 га, жайылымдық алқап – 1471 га.
Округтегі мал басы 2024 жылға барлығы 2883 басты құрайды, оның ішінде 702 бас ірі қара, 748 бас жылқы, 833 бас қой мен ешкі, 600 бас құс толығымен электрондық базаға тіркелген.
Жайылымдармен қамтамасыз ету мақсатында, ауыл тұрғындарының жеке малдарын жаю үшін 421,47 га жер учаскесіне «Мекен-Сервис» және «Агададиев» шаруа қожалықтарымен меморандумдар жасалды.