Басты бет Ақпарат ағыны Отбасы – қоғамның берік тірегі, мемлекеттің басты құндылығы

Отбасы – қоғамның берік тірегі, мемлекеттің басты құндылығы

0
37

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Ғалымқызы Балаеваның мақаласында жан-жақты баяндалды. Мақалада отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау, әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру және қоғамдағы отбасы құндылықтарын дәріптеу мәселелері кеңінен қамтылған. Бұл бастамалар – еліміздің әлеуметтік мемлекет ретіндегі ұстанымының айқын көрінісі. Тілші ретінде айтарымыз, аталған мақалада көтерілген мәселелер мен басым бағыттар Ұйғыр ауданы үшін де аса өзекті. Осыған орай, өңірімізде мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыру және халық арасында кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланың әл-ауқатын арттыру, жастар арасында жауапты ата-аналық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында кешенді іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Комиссияның бастамасымен тұрғындар арасында кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, түсіндіру акциялары, ақпараттық кездесулер өткізіліп, көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар адамдарға және жастарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары жан-жақты түсіндірілуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін халыққа кеңінен жеткізу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Ақпараттық қолдау жұмыстары да ерекше назарда. Өткізілген іс-шаралар аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде тұрақты жарияланып, тұрғындарға мемлекеттік қолдау тетіктері мен әлеуметтік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылуда. Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ел болашағының негізі. Сондықтан мемлекет жүргізіп отырған отбасы саясатын өңірлерде сапалы іске асыру, оны халық арасында кеңінен насихаттау және әрбір отбасының әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Ұйғыр ауданында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамаларға жан-жақты ақпараттық қолдау көрсетіле береді.

 

Ұйғыр аудандық Журналистер клубының мүшесі Сембекқызы Перизат

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

DOMBYRA PARTY 🎶

10 шілде Аудандық мәдениет үйінде ұлттық өнерді ұлықтаған ерекше танымдық сағат– Dombyra P…