Басты бет Ақпарат ағыны Ақ көйлекпен сайлауға келді: Алматы облысында жас жұбайлар дауыс берді

Ақ көйлекпен сайлауға келді: Алматы облысында жас жұбайлар дауыс берді

0
36

Қалыңдықтың ақ көйлегі мен фатасы, күйеу жігіттің классикалық костюмі Іле ауданындағы сайлау учаскесінде бірден көпшілік көзіне түсті. 23 тамызда Нұрбек Базарбек пен Әсия Дәуренбекқызы шаңырақ көтерді. Олардың алғашқы отбасылық мерекесі Құрылтай депутаттары сайлауымен тұспа-тұс келді.

Жас жұбайлар той киімдерімен сайлау учаскесіне барды. Неке қию рәсімінен кейін бірге дауыс беріп, таңдау жасады.

Ерекше жұп учаскеде бірден жұртшылықтың назарына ілікті. Сайлау комиссиясының төрағасы жас отбасыға бюллетеньдерді табыстап, дауыс бергеннен кейін оларды жаңа өмірге қадам басуымен құттықтады. Сондай-ақ жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

Алматы облысының ӨКҚ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

1750 метр биіктіктен – сайлауға: Алматы облысында парапланшы сайлау учаскесіне ұшып келді

Қарасай ауданында сайлау күні ерекше оқиғамен есте қалды. Кәсіби парапланшы Ескендір Жүніс…