Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Үкімет отырысында өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Ол өңірде тіркелген жұмыссыздар саны азайғанын атап өтті. Жұмыс орындарын құру Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы және инвестициялық жобалар шеңберінде қамтамасыз етілуі жоспарлануда.

Инвестициялық навигаторда сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 73 жоба тіркелген, олар бойынша 21 мың жұмыс орнын ашу көзделген.
Өңірлік карта аясында «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру барысында 2820 тұрақты жұмыс орны құрылады. «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы» аясында 450 астам жұмыс орны ашылады.
«Абсолютті көрсеткіштерді ғана емес, жалпы жұмыс күшіндегі жұмыссыздықтың үлесін де ескеру маңызды. Өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,6%-ға төмендеді»,— деді Марат Сұлтанғазиев.
Әкім жұмыссыздар бойынша жұмыс нарықтың қажеттілігіне назар аудара отырып жүргізіліп жатқанын айтты. Кәсіби оқыту арқылы 800-ден астам жұмыссыз тұрақты жұмыс орындарына орналастырылатын болады. Негізгі бөлігі тәжірибе арқылы дағдыларды меңгере отырып, кәсіпорындар жанында оқытылуда. Сонымен қатар онлайн-оқытудан 5,2 мың адам өтіп, жаңа құзыреттерге иеленді.
Еңбек саласындағы тиімділікті арттыру үшін бірқатар Цифрлық жобалар іске асырылуда. Студенттерге тәжірибе орындарын іріктеуге және жұмыс берушілерге үміткерлерді автоматты түрде таңдауға арналған «Өдірістік тәжірибе» цифрлық сервисі сәтті жұмыс істеуде. «Мансап компасы» және «Enbek.kz» құралдары белсенді жүзеге асырылуда.
Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауын ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне ерекше көңіл бөліп отыр.
#Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #… -
Дауыс беру – әр азаматтың маңызды құқығы. Сайлау арқылы халық елдің болашағына ықпал етіп, өз таңдауын жасайды.
#Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #… -
Қазақстанда ресми тіркелген жеті саяси партияның барлығы Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынды. Жалпы сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға 145 депутат сайланады.
#Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Халықаралық фестивальдер Іле ауданына 10 мыңға жуық турист әкелмек
Туризм – экономиканы әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті…
