Құрметті облыс тұрғындары!
Алматы облысына қарасты «Кеген–Қырғызстан» бағытындағы Кеген шекаралық өткізу пунктінде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 2025 жылғы 29–30 шілде күндері аталған өткізу бекеті арқылы азаматтар мен көлік құралдарының шекарадан өтуі уақытша тоқтатылады.
Осы кезеңде шекара арқылы өтуді жоспарлаған тұрғындардан сапарларын алдын ала жоспарлап, баламалы өткізу бекеттерін пайдалануды сұраймыз.
Өткізу пунктінің қалыпты жұмыс тәртібіне қайта көшетіні туралы қосымша хабарланатын болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Алматы облысы әкімдігі
***
Уважаемые жители области!
В связи с проведением плановых технических работ на пограничном пункте пропуска Кеген направления «Кеген–Кыргызстан» Алматинской области 29-30 июля 2025 года через данный пункт пропуска временно приостанавливается пересечение границы гражданами и транспортными средствами.
В этот период просим жителей, планирующих пересечь границу, заранее планировать свои поездки и использовать альтернативные пункты пропуска.
О возобновлении режима работы пункта пропуска будет сообщено дополнительно.
Приносим извинения за временные неудобства и просим отнестись с пониманием.
Акимат Алматинской области
