Басты бет Ақпарат ағыны Қазақстандықтар төлқұжатты бір күннің ішінде ала алады

Қазақстандықтар төлқұжатты бір күннің ішінде ала алады

0
4,984

Еліміздің 4 қаласында төлқұжатты бір күннің ішінде алуға жағдай жасалды. Бұл жайында бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz.

«Біз төлқұжат беру жайында сөз қозғадық. Бізде төлқұжат басып шығаратын сәйкесінше кәсіпорындар 4 қалада, атап айтқанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкентте бар. Бірақ, өкінішке орай тіпті бұл қалалардың өзінде төлқұжат алу үшін үш күн күту қажет. Алайда ақшаға бір күннің ішінде жасауға мүмкіндік бар. Сондықтан біз аталған кәсіпорындар орналасқан 4 қалада төлқұжаттарды бір күннің ішінде беру туралы шешім қабылдадық», — деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар ол Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы кәсіпорындардан төлқұжат жасату мерзімінің де айтарлықтай қысқартылғанын баса айтты. «Осы қалаларға бекітілген өзге қалаларда бұған дейін төлқұжат беру 2 аптаға созылатын болса, ендігі уақытта құжат беру 1 аптаның ішінде бітетін болады», — деді Сағынтаев.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫНАН ҚАЛЫПТАСҚАН АУЫР ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Бүгін мен еліміздің азаматтарына арнайы үндеуімді жолдап отырмын. Бар…